Зайнутдинов мансабын испаниялық футбол клубында жалғастыруы мүмкін

Фото: инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2269

Түркиялық «Бешикташ» футбол клубының және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновке Испания футбол клубы ұсыныс жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Журналист Сердар Сарыдагтың хабарлауынша, Испанияның Ла Лигасында ойнайтын «Реал Вальядолид» футбол клубы Ыстанбұл клубына Зайнутдиновты жалға беру туралы ұсыныс жасаған. Өз кезегінде Бешикташ басшылығы міндетті сатып алу опциясы бар ұсынысқа ашық болатынын айтты. 

Хабарланғандай, «Бешикташ» Зайнутдиновті міндетті сатып алусыз жалға алу мүмкіндігін қарастырмайды. 

Биылғы маусымда қазақстандық футболшы түркиялық клуб команда сапында 12 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берді. 

Айта кетейік, «Реал Вальядолид» командасы ХХІ турдан кейін Ла Лигада соңғы 20-орында тұр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...