Сирия соты елдің экс-президенті Башар Асадты өлім жазасына кесті

Ашық дереккөз

Әлем
41

Сот оны адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін айыпты деп таныған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

 Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды. Башар Асад 2024 жылдың желтоқсанында тақтан тайдырылды. Осыдан кейін ол Сириядан кетіп, Ресейге ұшып барды, онда оған баспана берілді.

Сирияда билік басына қарулы оппозиция келді. Өтпелі кезеңде елді Ахмед аш-Шараа басқарып отыр. Башар Асад Сирияны 2000 жылдан бері басқарып келген еді. Ол әкесі Хафез Асадтан кейін баламасыз референдум нәтижесінде президент лауазымына отырған болатын.

2024 жылғы 8 желтоқсанға қараған түні қарулы оппозиция содырлары Дамаскіге басып кірді. Башар Асад ұшақпен астанадан ұшып кетті. Сол кезде Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Асадтың Ресейде қауіпсіз жерде екенін мәлімдеген еді.

Өлім жазасы туралы шешім бұрынғы президентті адамзатқа қарсы қылмыстар бойынша айыпты деп тапқан сириялық соттың істі қарау қорытындысы болды.