«Хиджаб кию туралы»: Иранның жаңа президенті шешімін айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
1623

Иран президенті Масуд Пезешкиан хиджаб кию мәселіне енді араласпайтынын хабарлады, деп жазды madeniportal.kz  Ұлысмедиаға сілтеме жасап.

 Пезешкианның мәлімдемесі хиджабты «қате» кигені үшін ұсталған соң полицияда қайтыс болған 22 жастағы Махса Аминидің қазасының екінші жылдығында айтылды. Амини оқиғасы бүкіл Иранда жаппай наразылық туғызып, Иран режимі халықаралық сынға ұшыраған.

Бұрынғы президент тікұшақ апатынан қайтыс болғаннан кейін билікке келген Масуд Пезешкиан мүмкін реформатор ретінде көрінуі мүмкін. Оның сөйлеген сөздері мен әрекеттері елдің әлеуметтік саясатында өзгерістер орнар деген үміт ұялатады.

Пезешкиан бұл уәдесін айтқан баспасөз мәслихатына хиджабтары қатаң стандарттарға сәйкес келмейтін әйел журналистер қатысты. Сол кезде тілшілердің бірі орамалын шешкен, бұл бұрын ресми іс-шараларда мүмкін емес еді. Бұл сәт ерекше назар аудартты және елдегі әйелдер киіміне қатысты ықтимал өзгеріс келгенін білдірді.

«Әдеп полициясы енді әйелдерге  тиіспеуі керек», - деп атап өтті Иран президенті конференцияда сөйлеген сөзінде.

Баспасөз конференциясының тікелей эфирі Иран жұртшылығы мен әлемдік БАҚ арасында үлкен резонанс тудырды. Алайда президенттің мәлімдемесіне қарамастан, Иранда хиджаб кию ережелерін сақтау жағдайы шиеленісті болып қала береді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың наурыз айында елімізде екі мемлекеттік мереке – Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Сәбит Оразбаев бүгін 90 жасқа толып отыр. Ол...