Интернет бостандығына арналған Ресейдегі марш. Көрнекі сурет. Наурыздың 10-ы күні Ресейдің үш қ...
Жаңа заң бойынша парламентке өткен 32 әйелдің бірі
Фотосурет inbusiness.kz сайтынан алынды
Тарихта тұңғыш рет қазақ әйелі Замира Сонгобай Моңғолия парламентінің депутаты болып сайланды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі inbusiness.kz сілтеме жасап.
"2016 жылдан бері биліктегі Моңғол халық партиясы 28 маусымда өткен елдің Мемлекеттік Ұлы хуралы сайлауында тағы да көпшілік дауысқа ие болды", – деп жазады ТАСС.
Сонгобин Замира – 2023 жылдың жазында қабылданған жаңа заң бойынша парламентке өткен 32 әйелдің бірі. Жаңа құжат бойынша елдегі депутаттық корпустың үштен бір бөлігі әйелдер болуы керек деп белгіленген. 2028 жылы өтетін келесі парламенттік сайлауда олардың үлесін 40 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Сангобайн Замира – бес баланың анасы. Сонымен бірге ол Моңғолия іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі. Экономист мамандығын алған ол ұзақ жылдар сауда саласында қызмет еткен. Біріккен венгр-монғол сыртқы сауда компаниясына иелік етеді.