ҚР Парламенті Мәжілісі депутатыҚазыбек Иса бүгін Мәжілістің жалпы отырысында мәслихат депутаттарының...
Олжас Бектенов атқамінерлерді сынға алды
Фотосурет qaz365.kz сайтынан алынды
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов асфальттың сапасы нашар екенін айтып, жергілікті атқамінерлерді сынға алды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қазіргі таңда күре жолдарды күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл бірқатар ірі жоба аяқталуға тиіс. Бұлар – «Қарағанды – Алматы», «Ақтөбе – Қандыағаш», «Атырау – Астрахань» және «Талдықорған – Өскемен» жолы бар екен.
Олжас Бектенов қазақстандықтардың негізінен жергілікті маңызы бар жолдардың жай-күйіне қатысты шағымдарына да тоқталды.
«Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының тұрғындары Жұрын мен Қаракөл ауылдарының арасында биыл төселген асфальттың сапасын көрсетті – жаңадан төселген асфальт қолмен үгітіліп жатыр. Ал Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қоянкөз ауылының тұрғындары асфальт төсеу технологиясын сақтамаған мердігер компанияны өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті. Әкімдіктер қайда, неліктен күнделікті сапалы бақылау жүргізілмей жатыр? Бірінші кезекте тұрғындардың шағымдарына дереу жауап беру керек», – деп атап өтті премьер-министр.