Алматы облысында өртті сөндірмек болған екі адам зардап шекті

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2033

Алматы облысында цехтағы өртті сөндіруге тырысқан екі ер адам жарақат алды, деп хабарлайды madeniportal.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Өртті өздігінен сөндіруге тырысқан екі ер адамның қолын жеңіл деңгейде күйік шалды, оларға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Госпитализация қажет болмады», - деп мәлімдеді ТЖМ.

Өрт Қарасай ауданының Абай және Райымбек ауылдарының арасында орналасқан жиһаз жасау цехында болды. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде, от ашық түрде жанып, жанындағы көлік жуу ғимаратына таралу қаупі болған.

«Жанғыш материалдардың көптігі мен қатты түтінге қарамастан, ТЖМ қызметкерлері 231 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді», - делінген хабарламада. 

ПОЭЗИЯ

*** Қанша жыл өтті, қанша күн,Балауса кезді аңсадым.Сағынғандығымнан болар-ау,Танадай көзден тамса...

MADENI TV

Жаңа адамдар Қозғалысының көшбасшысы Асель Баденова қазақстандықтарға үндеу жасап, алдағы референдум...