Өскемендегі Есенберлин даңғылының бойындағы теміржол көпірінің маңында жол апаты болды, – деп...
Шұғыл: Дональд Трампқа оқ атылды (Видео)
Фотосурет CNN
1783
АҚШ-тың бұрынғы басшысы және қазіргі президенттікке кандидат Дональд Трампқа Пенсильвания штатында сөз сөйлеу кезінде оқ атылды, деп хабарлайды madeniportal.kz
Дональд Трампқа қастандық сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 18:15 шамасында (жексенбі, Астана уақытымен 04:15) жасалды.
Бұл оқиға Пенсильвания штатының Батлер қаласында оның кездесуі кезінде орын алды. Хабарланғандай, оқ жақын маңдағы ғимараттың шатырынан снайпермен атылған.
CNN мәліметтері бойынша, қастандық жасаушыны оқиға орнында құпия қызмет қызметкерлері атып өлтірді.
Қазіргі уақытта Дональд Трамптың өміріне ешқандай қауіп жоқ екені атап өтілді.