Жүргізушінің қызы желіге видеосын жариялап, жұртшылықтан көмек сұраған еді. Елордалық полицейле...
Алаяқтар цифрлық деректеріңізге қалай қол жеткізе алады?
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Электрондық үкімет порталының өкілдері алаяқтық әрекеттерге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.
"Құрметті пайдаланушылар! Алаяқтардың құрбаны болмас үшін 1414-тен кодтары бар хабарламаларды үшінші тұлғаларға жібермеңіз. Алаяқтар хабарламадағы кодты пайдаланып, сіздің цифрлық деректеріңізге қол жеткізе алады", - делінген хабарда.
Осы орайда электрондық үкімет өкілдері үшінші тұлғаларға ЭЦҚ бермеу қажет екенін ескертті.
"ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бере отырып, сіз оларға заңды қол қою мүмкіндігін бересіз және оның салдары үшін жауап бересіз", - делінген хабарда.
Деректерді қалай қорғауға болады?
1414-тен жіберілген sms-кодты үшінші тұлғаларға бермеңіз;
ЭЦҚ үшінші тұлғаларға бермеңіз;
қызметкерлер жұмыстан босатылғаннан кейін ЭЦҚ кері қайтаруын қадағалаңыз;
ресми құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭЦҚ беріңіз;
ЭЦҚ бар флешка жоғалған жағдайда бірден жаңа ЭЦҚ алыңыз; ХҚКО алынған ЭЦҚ құпиясөзін ауыстырыңыз;
бейтаныс адамдардан ЭЦҚ кілтін ашу үшін ақылы көмекке жүгінбеңіз.
ЭЦҚ туралы Заңының 10 бабының 2-тармағына сәйкес ЭЦҚ жабық кілттерін басқа адамдарға беруге болмайды. Кодекстің 640-бабының 5-тармағына сәйкес ЭЦҚ-ның жабық кілтін басқа тұлғаларға заңсыз бергені жеке тұлғалар үшін 10 АЕК, ал заңды тұлғалар үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.