Астанадағы №2 қалалық көпбейінді ауруханаға жағдайы өте ауыр жүкті науқас жедел жәрдем көлігімен жет...
Қазақстандықтарға заңсыз ұсталған ақша қайтарылды
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Ақмола прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын аударуда бірқатар заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі inbusiness.kz сілтеме жасап.
“Жұмыс берушілер көп балалы (алтыдан астам бала тәрбиелеп отырған) аналардан, ерекше күтімді қажет ететін жандардан және төлемнен босатылған күндізгі бөлімде оқитын студенттерден МӘМС жарнасын негізсіз ұстағандығы анықталды, – делінген хабарламада.
Мысалы, көп балалы ананың жұмыс берушісі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 31 243 теңге аударған. Одан бөлек ерекше күтімді қажет ететін адамнан қордың пайдасына 82 306 теңге мөлшерінде жарналар ұсталған. Прокуратураның мәліметінше, мүндай деректер аз емес.
Нәтижесінде жеңілдетілген санаттағы 436 қазақстандыққа заңсыз ұсталған ақша қайтарылды. Қайтарылған жарнаның жалпы сомасы 60 миллион теңгеден асты.