Қара жамылу дінімізде де, салтымызда да жоқ

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Пікір
667

Әлеуметтік желілерде өте танымал Нұрлан имам "көзін тұмшалап, қара жамылатындарға" қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі massaget.kz сілтеме жасап.

Нұрлан имамның айтуынша, қара жамылу біздің дінімізде де, салтымызда да жоқ. 

"Біздің бүгінгі таңға, ұлтымызға, санымызға, салтымызға, дәстүрімізге, үрдісімізге қарсы болған қара жамылу, бетіне дейін қара жабу, қара киім киіну, көзінің тілігін ғана қалдырып, қалған жерін қара қылып киіну біздің еліміздің өткеніне де, келешегімізге де сыймаған дәстүр екенін білуіміз керек. Құдайға деген сенім-тақуалығымыз көзіне дейін тұмшалаумен өлшенбейді. Отбасына дұрыс тәрбие беріп, адал жар болып, қолынан келгенше қызметте болып, Отанына адал болу нағыз құдайға берілгендікті білдіреді. Сол үшін біз осыны нәрсемен мемлекетіміз болып, зиялы қауым, жастар болып, қарсы тұруымыз керек. Өйткені бетін жабу не шариғаттың бұйрығы емес, не ата-бабамыздың дәстүрі емес. Ал енді қара киімге келетін болсақ, жалпы біздің салтымызда қара жамылу қайғының, уайымның, мұңның, зардың іспетін білдіреді",- деді ол. 

Шоу-бизнес

Айқын Төлепберген Youtube платформасындағы Зamandas подкастына берген сұхбатында Қанат Бейсекеевтің...

Ауа райы

Синоптиктер Қазақстандағы 2024 жылғы 8 желтоқсанға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа ра...