Мәскеудегі терактіден кейін Қазақстанда экстремизм және терроризмге қарсы күрес күшейе ме?

Пікір
808

Әлеуметтанушы Серік Бейсембаев Мәскеудегі лаңкестік әрекеттің Қазақстанға қалай әсер ететіні туралы пікірін Qogammetrika телеграм-арнасына жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Мәскеудегі терактіден кейін тек Ресейде ғана емес, біздің елде де экстремизм және терроризммен күрес күшейетіні анық. Бұл оқиғаны желеу етіп құқық қорғау органдары қосымша құзырет пен қаржыландыру сұрай бастайды. Дін істерімен айналысатын арнайы ведомстволар да осы орайда өз жұмысының қаншалықты маңызды екенін көрсетуге тырысады. Алдағы уақытта экстремизм және терроризммен күрес бойынша тағы бір жаңа бағдарлама қабылданып жатса таңқалмаймын.

Бірақ, тағы да бұрыннан айтып жүрген тезисімді қайталайын: экстремизммен күреске біздің мемлекет қаржына да, құзыретті үйіп-төгіп берген. Тіпті көп жағдайда артық қыламын деп, тыртық қылған. Егер экстремизм профилактикасын күшейтімін десе, осы күні жүргізіліп жатқан іс-шараларды реттесін, кеткен қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағаласын және азаматтық қоғаммен кеңірек жұмыс істесін.

Өткенде бір конференцияға дайындық барысында мемлекеттік сатып алу сайтындағы дін басқармаларының соңғы 3-4 жылдағы лоттарын қарап көрдім. Ол үшін prozakup.kz деген керемет ресурсты пайдаландым. Оның көмегімен 2020-2023 жылдары әр аймақта дін басқарламалары қандай әлеуметтік тапсырыстар бергенін, олардың сомасы, тақырыптары және тендерлік құжаттарын қарауға мүмкіндік бар. Нәтижесінде, аталған мерзім ішінде мемлекеттік бюджеттен шамамен 1,6 млрд.теңге жұмсалыпты. Бұл қаржының 50%-н тек 10 мемлекеттік емес ұйым алған. Яғни, бұл салада бәсекелестік өте төмен деген сөз, әр аймақта бір-бір ұйым жылдар бойы профилактикамен айналысып келеді.

Бірақ, ең бастысы - жобалардың сапасы мен мазмұны. Техқұжаттарды оқып отырып, тапсырыс берушілердің экстремизмнің алдын алуды "дестуктивті идеологиямен" күреске айналдырғанын көруге болады. Және бұл "дестуктивтілік" көбіне адамдардың сыртқы белгілері бойынша немесе тұрғылықты жері бойынша анықталады. Мысалы, мынадай лот бар: "Организовать комплексные групповые профилактические мероприятия с целью оградить вовлеченных граждан в деструктивные религиозные течения в крупных торговых точках". Іс жүзінде мұндай тапсырыс базарлардағы түрі, киімі басқа адамдармен үгіт-насихат жүргізуге айналады. Өте қарабайыр және дискриминациялаушы түсінік. Мұндай жүздеген лоттың орнына халықаралық стандарттарға сай, еркін бәсекелестікке негізделген бірнеше әлеуметтік жоба жүзеге асырған әлдеқайда нәтижелі болар еді.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...