Статистика бюросы Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында деген ақпаратты жоққа шығарды, хаба...
Астанада полиция такси жүргізушілерін тексереді
ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, Жол жүрісі қағидаларын сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында елордалық полицейлер такси жүргізушілерін тексереді. Бұл тексеріс Астана қалалық полиция департаменті «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 5-29 ақпан күндері өтеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Жолаушыларды заңсыз тасымалдаған, мемлекеттік нөмірі жоқ көлік мінген, міндетті техникалық байқаудан өтпеген, жолаушылар мен жүк тасымалдау талаптарын сақтамаған және тиісті тіркеу құжаттарын рәсімдемей, қосымша арқылы такси қызметін атқарған такси жүргізушілері анықталса тиісті шаралар қолданылады. Тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, көлік коммуналдық тұраққа қойылады.