Алматыдағы автобустарда жаңа дыбыстық хабарлау жүйесі іске қосылады

Қоғам
474

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қоғамдық көліктерде жаңа дыбыстық хабарлау жүйесі іске қосылатыны туралы айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қала тұрғыны автобустарда жастар қарт адамдарға, екіқабат әйелдерге орын бермейтін айтып, дыбыстық хабарландыру енгізу ұсынды.

Осы бағыттағы жұмыс қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр және осы жылдың 1 шілдесінен бастап қоғамдық көлікке енгізуді жоспарлап отырмыз. Дыбыстық хабарлау жүйесі аялдамалардың атауын хабарлап, қарттар мен жүкті әйелдерге, балалары бар жолаушыларға орын беруге, сондай-ақ бір-біріне құрмет көрсетуге шақыратын болады, - деді әкім.

Айта кетейік мұндай хабаландырулар автобустарға жазда қосылады.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...