Кәсіпкерлік бойынша қолайлы орта құру және білім алу, бизнес стартаптарды дамыту мақсатында былтырда...
Астанада мектеп құралдарына арналған жәрмеңке өтеді
Фото: Астана әкімдігі
Астан әкімдігі елордада 1-31 тамыз аралығында бірнеше жерде мектеп жәрмеңкесі жұмыс істейді деп хабарлайды.
1-31 тамыз аралығында өтетін жәрмеңкеде кеңсе тауарлары мен мектеп формасын қолайлы бағамен сатып алуға болады, онда мектепке қажетті құралдар дүкендердегі бағадан төмен болады. Жәрмеңке жоғарыда айтылған уақыт аралығында бүкіл қалада жұмыс істейді.
Жәрмеңке мына орындарда өтеді:
- «Аймақтау» СҮ 1 тамыздан 5 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
- «Тұлпар» СҮ 1 тамыздан 5 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін.
- «Magnum» супермаркеті (Тұран даңғылы, 55Д) 3 тамыздан 1 қыркүйекке дейін тәулік бойы жұмыс істейді.
- «Анвар» супермаркеті (Тұран даңғылы, 45) 3 тамыздан 1 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін.
- «Тұмар» СҮ (Сығанақ көшесі, 1Б) 1 тамыздан 15 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін.
- «Сарыарқа» СОО (Тұран даңғылы, 24) 15 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін.
- «Рахмет» СО 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.
- «Джафар» СО 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.
- «Көктал» СОО 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.
- «Әсем» СОО 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.
- «Astana Mall» СОО 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25, 31 тамыз күндері, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.
- «Аружан» СОО 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25, 31 тамыз күндері, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.
Сондай-ақ, 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Астанада жетім балаларға, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету үшін ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясы басталады.
Оның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға көмек көрсету.
Оған демеушілер мен бейжай қарамайтын азаматтар белсенді қатысады. Барлығы 8 500-ден астам баланы қамту жоспарланып отыр.
Жалпыға бірдей білім беру қоры шеңберінде әлеуметтік осал санаттағы 14 500 баланы қамту жоспарлануда.
2024-2025 оқу жылында материалдық көмектің мөлшері бір балаға 43 407 теңгені құрайды.