Халықаралық турнир. Финалға шыққан алты боксшымыз да алтын алды

Жаңалықтар
16710

Бокстан Ұлтты құрама мүшесі Айбек Оралбай Венгрияның Дебрецен қаласында Итван Бочкай құрметіне өткен халықаралық турнирде құрама қоржынына алтын салды.

92 келі салмақтың финалында қазақ боксшы англиялық Патрик Браунмен жұдырықтасу керек болған. Бірақ қарсылас шешуші жекпе-жекке шықпады. 

Бұған дейін Дулат Бекбауовтың қарсыласы да финалға шықпай қойған. 

Финалға жеткен алты боксшымыз да алтын иеленді.  Қазақстан құрамасы сапынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Серік Теміржанов (57), Саматәлі Төлтаев (60), Дулат Бекбауов (67) және Аятулла Такежанов (75) алтыннан алқа тағынған болатын.

Жаңалықтар

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...