«Торпедо» командасының 19 жастағы ойыншысы қайтыс болды

Фото: Спорт Шредингера

Жаңалықтар
349

Өскеменнің «Торпедо» командасының жастар құрамасында ойнайтын қақпашы Иван Пыленок қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz kaz.inform.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Қақпашы мұз айдынында өзін жайсыз сезінген. Дәрігерлер мен LDS қызметкерлері оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, тез арада жедел жәрдем шақырған. Жедел госпитализациядан кейін Пыленок ауруханада көз жұмды. 

– «Торпедо» хоккей клубы Иванның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Бұл бәріміз үшін орны толмас қаза. Біз оны талантты, өршіл, жарқын спортшы ретінде мәңгі есімізде сақтаймыз», - делінген клуб мәлімдемесінде. 

19 жастағы Иван Пыленок «Жастар» жастар лигасының соңғы маусымында 16 кездесу өткізген. 2022/23 жылғы маусымда қақпашы «Торпедоның» негізгі командасымен бірге Қазақстан чемпионатында екі ойын өткізді.

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...