Ресейлік жаттықтырушы Станислав Черчесов Қазақстан құрамасын басқару туралы шешімін түсіндірді. Бұл...
Астанада Түркология оқу залы ашылды
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында танымал түркологтар Немат Келімбетов пен Бейсембай Кенжебаевқа арналған Түркология оқу залының салтанатты ашылуы өтті.
Аталған зал Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көтерілген «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» деген жобаны қолға алу мақсатында ашылды.
«Оның мақсаты – түркітілдес халықтардың рухани мұрасын сақтау, насихаттау және дамыту болып отыр. Сонымен қатар, Елбасы мақалаларын жүзеге асыруды көздейді», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Іс-шара барысында ғылыми-танымал жазушы, аудармашы және түркітанушы Немат Келімбетовты зерттеуге арналған «Қазақстанда қазіргі заманғы түркологияның дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция да ұйымдастырылды. Конференция қатысушылары түркітанудың қазіргі жағдайы мен келешегін, түркі халықтарының мәдени және рухани құндылықтарын дамыту және насихаттау, тәуелсіздік тұрғысынан түркітану тарихын зерттеу, адамзат тарихындағы түркі өркениетінің рөлін талқылады.Сондай-ақ, жиын барысында «Раритет» баспасынан қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып шыққан дүние жүзі түркологиясының тарихына арналған «ТҮРКОЛОГИЯ. Дүниежүзі түркологиясының тарихы» атты кітаптың таныстырылымы болды.
Түркология залының ашылына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, филология ғылымдарының докторы, профессорлар М.Жолдасбеков, С.Қасқабасов, жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай, филология ғылымдарының докторы, профессорлар: Х. Ю. Миннегулов (Қазан), Х. Касапоглы, (Анкара), Н. Рахманов (Ташкент), Р.Аскер (Баку), Т. Садыков (Бишкек) , А.М.Багиров (Мәскеу), белгілі орыс жазушысы, журналист және баспагер, қоғам қайраткері, орыс әдебиеті академиясының академигі (Мәскеу) Г. В. Пряхин және т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ержан Жаубай
Baq.kz