Шымкентте ер адам әйелі мен үш айлық қызын аяусыз ұрып-соққан

Сурет ашық дереккөзден алынған

Жаңалықтар
371

Шымкентте ер адам әйелі мен үш айлық қызын аяусыз ұрып-соққан. Ол сәбиді теуіп, жансақтау бөліміне түсірген, деп хабарлады madeniportal.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға туралы желілерде заңгер, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек мәлімдеді. Оның айтуынша, ол зардап шеккен әйелді ауруханаға жатқызуға көмектескен.

Құқық қорғаушының сөзіне сенсек, жанжал кезінде 53 жастағы ер адам жұбайын ұрып-соғып, оны пышақпен қорқытқан. Кейін үш айлық қызын тепкен. Сәби бірден жансақтау бөліміне түскен. Деректерге сүйенсек, оның миына қан кеткен.

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады. Қазір жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде», – деді ведомство өкілдері.

Жаңалықтар

Жаңаөзенде 11 жастағы оқушы қыз сыныптасын ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды...

Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жақсы жаңалықпен бөлісті. Енді халықаралық ғылым...