Төреғали Төреәлі спортшы Елдос Сметовке асыл тұқымды жылқы мінгізді

Төреғали Төрелінің парақшасынан

Шоу-бизнес
220

Танымал әнші Төреғали Төреәлі Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке асыл тұқымды жылқы мінгізді. Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы ресми парақшасында айтты. 

Әншінің сөзінше, Олимпиададан бұрын дзюдошымен кездескен ол сыйлығын беріп үлгермепті. 

«Ауырып қалып, Елдосты да құттықтай алмадым. Асықпай құттықтаймыз. Кеше Олимпиадаға кетіп бара жатқанда шай ішіп, бата қылып едік. Сол қабыл болды-ау. Менің қандай қатысым бар? Жаттыққан Елдос, алтынды алған Елдос. Досым, құрдасым, жігіт екенсің! Мен де осылай бір атымды түсіп беремін.

Бір үлкен ағаларым берген атым бар еді. Мықты аттың төлі. Соны сол жерде беремін деп отырғанмын. Шымкентке жетіп үлгермеді. Кеткеннен кейін өзіне жазып жібердім... Ұлдарыңыздың алып келген алтын медалі құтты болсын», – деді Төреғали Төреәлі.

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...