Қазақстандық балуан Олимпиаданың ширек финалына шықты

olympic.kz

Спорт
638

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Әлімхан Сыздықов Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті.

130 кг салмақта сынға түсіп жатқан Әлімхан Сыздықов 1/8 финалда румыниялық Алексук-Чурариумен кездесті. Бұл белдесуде қазақстандық балуан 3:1 есебімен жеңді. Әлімхан Сыздықов – Азия чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері. Ал Алексук-Чурариу – әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа чемпионы және екі дүркін қола медаль иегері. Енді Әлімхан Сыздықов ширек финалда Әзербайжан өкілі Сабах Салех Шариатимен күреседі. Айта кетейік, Әлімхан Сыздықов Бішкекте (Қырғызстан) өткен күрес түрлерінен Азия құрлығының іріктеу турнирінде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған еді.

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...