Қазақстанда есірткі өндірушілер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Сурет: ІІМ

Жаңалықтар
176

Қазіргі уақытта Мәжілісте есірткі өндіргені үшін жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдататын заң жобасы қаралуда, деп хабарлады madeniportal.kz сайты ІІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кейінгі уақытта Қазақстанда есірткі зертханалары санының көбеюі байқалады. Осы жылдың жеті айында полиция тек синтетикалық есірткі өндіруді жолға қойған 24 жасырын есірткі зертханасын жойған. Тек Алматыда осындай 11 факт анықталды. Eкінші орынды Алматы облысы иеленді, онда полицейлер жеті заңсыз синтетикалық есірткі өндірісін жойды. Есірткі өндірушілерден 200 кг-нан астам «синтетика» және екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді.

Соңғы екі аптада Алматыда екі есірткі зертханасы жойылды. Шілде айының соңында үш астаналық тұрғын ұсталды. Олар 800 мың теңгеге үй жалдап, онда мефедрон өндірісін ұйымдастырған. Барлық жабдықтар мен химиялық заттарға қашықтан тапсырыс берген. Күдіктілерден 20 кг дайын есірткі, 250 литр прекурсор мен химиялық жабдықтар тәркіленді.

«Бүгінде есірткі өндірісінде қолданылатын химиялық жабдықтардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген»,- деп нақтылады ведомство.

Сонымен қатар есірткіні таратқаны үшін жаза мерзімдерін қысқартып, оларды өндіргені үшін жауапкершілікті күшейту бойынша азаматтар құрған екі петиция қарауға алынды.

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...