Тұңғыш Президент күніне орай Елордада көшпелі көрме ашылды

Жаңалықтар
985

Бұл көрме арқылы астаналық жастар Елбасының еңбек жолымен жақын таныса алатын болды. Осы орайда Еуразия университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұйымдастырумен аталмыш көшпелі экскурсиялық жоба жұмысын бастап кетті. Көпшілік назарына Елбасының ерен еңбегі мен әлемдік бастамаларын бағалаған қоғамдық наградалар кешені ұсынылған. Сонымен қатар осы экспозицияда Еуропа, Америка және Азия елдерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелері тарапынан тарту етілген 25 мантия да бар.

Және де Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаз идеялары және бірегей бастамалары хақында баян жүргізетін арнайы деректі фильмдерді де студенттер қауымы тамашалайды.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдық:

- Көрме ұшан-теңіз. Оның бәрін алып келу мүмкін емес. Біз бұл жерде осы университетке Елбасының қандай үлесі, негізін қалай қалады, осылардың барлығы қостық. Содан кейін ғылым мен білім саласында атқарған жұмысына орай тарихи дүниелерді жастарға көрсетіп жатырмыз. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Асхат Налшыбек:

 - Елбасымыздың қолданған заттарының барлығы осы университеттің Күлтегін атриумында қойылып, оны қазір 20 мың студентпен бірге аралап, көріп, тарихымен танысып отырмыз. Келесі жылды Елбасымыз Жастар жылы деп бекер айтпаған. Сол себепті қазіргі уақытта, Елбасымыз айтқандай, бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман.

madeniportal.kz


Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...