Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға Жітіқарадағы бес баланың өліміне қ...
Танымал ақын Ақұштап Бақтыгереева Мақпал Жүнісованың қызына сақина сыйлады
Фото: el.kz
386
Танымал ақын Ақұштап Бақтыгереева әнші Мақпал Жүнісованың қызы Мерейге сақина сыйлады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Қаламгер 80 жас мейрейтойын атап өтіп, өнер өкілдерінің басын қосты.
Айналайын, дами беріңдер! “Әкемнің құрдасының қолынан алдым” деп тағып жүр. Сенің бриллианттарыңнан қымбат емес шығар?! Бірақ көңілі мен жолы қымбат. Мақпал, бұл сақина саған емес, Мерейге беріп жатырмын. Болашақта қолынан тастамай тағып жүрсін! Менің батам мен алғысым осы. Аман болыңдар! Өзің де елдің батасын алып, жүре бер, – деді ақын.
Халық әртісі жеке парақшасында алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
Ақұштап апам Мерейге сақина сыйлады. Апамның абыройын, жасын берсін! Апамның ғасыр тойына жетуіне тілектеспін, – деп жазды әнші.