Әкесін арқалаған Елдос Сметов елдің сүйіспеншілігіне бөленді

коллаж: madeniportal.kz

Қоғам
292

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Тараз төрінде той жасады. Тойда спортшы әкесін арқалап, құрмет көрсеткен, деп хабарлады madeniportal.kz  сайты Jambylinfo.kz порталына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан чемпионның әкесін арқасына салып, көпшіліктің алдынан жүріп өткенін көруге болады. 

Той қонақтары балуанның әкесіне деген ізетіне ризашылық білдіріп, қол шапалақтап тұр. 

Ал желі қолданушылары "әке - асқар тау",   "әкеге не істесең, алдыңа сол келеді" деп спортшыға ақ тілектерін жаудырған. 

Еске салайық, кеше Жамбыл жұртшылығы Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовты сән-салтанатымен күтіп алды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен балуанға 5 бөлмелі пәтер мен су жаңа көліктің кілтін сыйға тартқаны туралы жазған едік.

 

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...