Жұмабаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысы жабылады

Фотосурет kaz.inform.kz сайтынан алынды

Қоғам
493

Алматыда Жұмабаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.

5 шілде кешкі сағат 20:00-ден 8 шілде түнгі сағат 23:00-ге дейін Айнабұлақ шағын ауданында Жұмабаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысы жабылады. Екі бағытта да көлік қозғалысы шектеледі.

«1981 жылдан бастап пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 2 135 метрлік құбырды ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жабылады», - деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Бұл құбыр 344 көппәтерлі тұрғын үйді, 11 білім беру және 3 денсаулық сақтау нысанын 483 басқа да ғимараттарды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстарына қарамастан тұтынушыларға ыстық су бұрынғысынша үздіксіз беріледі. 

Еске салайық, Алматыда биыл ұзындығы 250 км болатын 274 көше орташа жөндеуден өтеді, осылайша 92%-ға дейін жолдың үлесін жақсы және қанағаттанарлық жағдайда жеткізу жоспарланған.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...