140 мың теңгеден басталатын біржолғы төлем туралы ақпарат – фейк

Фото: ашық дереккөзден

Қоғам
325

Қазақстандықтарға 140 мың теңгеден басталатын біржолғы төлем туралы ақпарат – фейк дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министлігі. Ведомство жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертеді, деп хабарлайды madeniportal.kz

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанда барлық азаматтарға 140 мың теңгеден басталатын жаңа арнайы әлеуметтік төлем пайда болғаны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Белгісіз адамдар төлемді тексеру үшін сілтемеге өтуді ұсынады.

– Төлемнің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуін сұраймыз, – делінген хабарламада.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұралады.

Шоу-бизнес

Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...