Астана тұрғыны Facebook желісінде Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына үндеу жазды. Дәлірек ай...
Күдікті Денис Тенді өлтіргенін мойындады
Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев Денис Теннің өліміне қатысы бар деген күдіктінің аты-жөнін атады. Ведомство мәліметінше, ұсталған жігіт даңқты спортшыны өлтіргенін мойындаған.
Күдіктінің аты-жөні - Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. "Ұсталған Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы 1994 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы. Қорғаушылардың көзінше ол жасаған қылмысын мойындады. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында", - деді прокурор.
Еске салайық, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенді кеше күндізгі сағат үштер шамасында Алматыда белгісіз біреулер пышақтап кеткен болатын. Алған ауыр жарақаты салдарынан даңқты спортшы ауруханада қаза тапты. Дәрігерлер оның 3 литр қан жоғалтқанын айтуда.
Белгілі болғандай, Денис өз көлігінің айнасын ұрлап жатқан екі жігіттің үстінен түскен. Оларды үркітпек болғанда спортшыны пышақтап тастаған да, әлгі екеу оқиға орнынан ізін суытып үлгерген.