“Чемпионның әкесі болайын": Елдос Сметов Төреғали Төреәліге ерекше сыйлық тарту етті

Төреғали Төреәлінің инстаграм парақшасынан

Шоу-бизнес
336

Париж Олимпиадасының алтын жүлдегері Елдос Сметов "Ұлы дала баласын" үйіне қонаққа шақырып, оған ерекше сыйлық тарту еткен. Спортшы ырымдап, әнші досының ұлдарына өзі жаттыққанда киген киімдерін сыйлаған. Әсерлі сәттің видеосын Төреғали Instagram-дағы парақшасында жария еткен. "Саған Алла разы болсын. Бір-бірімізге деген қолдауымыз ешқашан бітпесін. Ақыреттік достар болайық. Маған өзі тапсырма берген ғой. Өзім жаттыққанда киген, өзім терлеген киімдерімді ұлдарына сыйлағым келіп тұр. Қазақ ырымшыл халықпыз ғой", - деді Сметов. 

Төреғали Төреәлі спортшы досына алғысын айтып, болашақта ұлдарының да чемпион болуын тіледі.

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...