Париж Олимпиадасында бокстан 51 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сәкен Бибосынов жеңілісіне қа...
Жұлдызай Дүйсенбиева: "Мен ұл тусам ғана бақытты екенмін"
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева "Мамский әңгіме" жобасында әйелін ұл тумадың деп кінәлайтын ер адамдарға ренішін білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі aikyn.kz сілтеме жасап.
Актриса өзіне де осындай тілек, кеңес айтатын адамдар бар екенін жеткізді.
“Маған кейбір кісілер, “Енді бір ұл туып, бақытты болыңызшы” деп жазады. Ұлым жоқ болғаны үшін мен бақытсыз екенмін. Ұл да, қыз да – перзент. Құдай кімді берсе, соны аласың. Сол дүниені түсінбеймін. Ұл туу – бақыттың шыңы. Ұл туған әйелді бақытты етіп қойған. Мен үшін ауыр ұғым. Мен ұл тусам ғана бақытты екенмін. Бір қызым болса да, мен бақыттымын. Жиен мен немерені де бөлгенін қаламаймын. Ұл тумадың деп еркектер әйелдерін кінәлайды. Тіпті сол үшін ажырасып жатады екен. “Еркектен еркек туады” деген қайдан шыққан қағида?!”, – дейді актриса.