5 облыс әлі су басу аумағында тұр

Фото интернеттен

Жаңалықтар
549

Су тасқынына байланысты еліміздің өңірлерінде жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Министрлік су тасқыны салдарын жою бойынша іс-қимылдарды үйлестіруді жалғасып жатыр. Министрліктің, әкімдіктердің, Қорғаныс, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитет бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Әрекет ету жедел санатта жүзеге асырылуда. Су тасқының жағдайы тұрақты – күрделі. Батыс аймақтарда су аздап төмендеді, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады. Су басу аймағында 5 облыс қалып тұр, әкімдіктермен жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланды», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жағдай әлі күрделі. Бұл жерлерге шұғыл түрде құтқарушылар мен техника жұмылдырылып, жіберілді. Өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Төтенше жағдайлар аймағынан ең алдымен мүмкіндігі шектеулі адамдар, қарттар, әйелдер және балалар қауіпсіз жерге көшірілді. Су тасқыны кезінен бастап 15 мың 786 адам құтқарылды. Оның ішінде 6 187 бала бар. Адам шығынына жол берілмеді. Қазіргі таңда уақытша орналастыру пункттерінде 4 113 адам, оның ішінде 1 911 бала бар. Олар үшін барлық қажетті жағдай жасалған», - деді Бауыржан Сыздықов.

дереккөз: kaz.inform.kz

 

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...