Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалына жаңа басшы тағайындалды

ӘДЕБИЕТ
3951

Бүгін Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалына жаңа басшы тағайындалды.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өткен жиында Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Ақберен Елгезек жергілікті жас ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жарқынбек Амантайұлын ҚЖО- ның Павлодар облыстық филиалының директоры деп таныстырды. А.Елгезек жиын барысында Жазушылар одағының бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстарына тоқтала келе, 8 жыл бойы жергілікті филиалды басқарған ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Арман Қаниға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Ал, жиынға арнайы қатысқан белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы арнайы қатысып, филиал жұмысына сәттілік тіледі. Павлодар облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов филиалдың жұмысын жүйелі түрде жүргізу үшін жергілікті билік тарапынан әрдайым қолдау жасалатынын айтты.

Біз де барша қаламгерлер қауымының атынан Жарқынбек Амантайұлын құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!

author

Ақберен Елгезек

АҚЫН

Жаңалықтар

Қазақстан сөз бостандығы рейтингінде Африка елдерінен төмен. «Ш...

Жаңалықтар

2024 жылдың 2-тоқсанында ҚР Жоғары аудиторлық палатасы көлік, салықтық және кедендік әкімшілендіру с...