Өскеменде сұлулық салонында ота жасатқан әйел қайтыс болды

Ашық дереккөзден алынған

Жаңалықтар
510

Өскемендегі салондардың бірінде блефаропластика жасатпақ болған әйел ажал құшты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Сот таратқан ақпаратқа сәйкес сотталушы клиенттердің біріне блефаропластика (адамның қабағынан артық теріні алып тастау үшін жасалатын операция) жасау кезінде көмекші болуға келіскен. Отадан кейін клиенттің беті ісіне бастаған, кейін косметолог көмекшісіне дәрі егуді өтінген.

«Медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы болмаса да, А. есімді азаматша салон клиентіне сынама ретінде лидокаин қосылған цефтриаксон еккен. Медициналық процедурадан кейін әйелдің жағдайы нашарлап кеткен», делінген соттың хабарламасында.

Зардап шеккен әйел дереу медициналық орталыққа жеткізілді. Дегенмен оны құтқару мүмкін болмады.

Медициналық қызметпен заңсыз айналысқан косметологтің көмекшісі 2,5 жылға сотталды. Сондай-ақ ол 3 жылға медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Сот үкімі әлі күшіне енбеді.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...