ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевтың бұйрығына сәйкес «оралман» термині «қан...
Студенттерге арналған қосымша пойыздар іске қосылады
Интернеттен
Қазақстанда оқу жылының басталуына қарай студенттерге арналған қосымша пойыздар іске қосылады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Қосымша пойыздарды іске қосуды Көлік министрлігі «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бірлесіп жүргізіп жатыр.
«Жаңа оқу жылы қарсаңында Батыс өңірлері тұрғындарының сұранысына сәйкес қосымша маршруттарды іске қосу туралы шешім қабылданды. Пойыздар Ақтау және Атырау қалаларынан шығып, Алматы қаласына дейін студенттерді тасымалдайды. Кондиционерлері қарастырылған жаңа вагондар жазғы уақытта еліміздің аумағы бойынша басқа бағыттарға қатынайды, сол себепті жоғарыда аталған вагондарда кондиционер жүйесі болмайды. Теміржол және су көлігі комитеті жас жолаушылардан қолайсыздықтар үшін алдын-ала кешірім сұрайды», деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Маршруттарға нақты тоқталсақ:
- Ақтау-Алматы бағытында қосымша 360 жолаушыға арналған 8 жолаушы вагоны қатынайды. Бұл бағыттағы вагон 21 тамыз күні Ақтаудан шығып, 23 тамыз күні Алматыға жетеді.
- Атырау-Алматы бағытына теміржолшылар қосымша 3 вагон қосады. Бұл вагондар 540 жолаушыға арналған. Атырау-Алматы бағытында пойыздар 16, 18, 20, 22 тамызда қатынайды.
Айта кетейік, студенттер Ақтау және Атырау қалаларының вокзалдарынан теміржол билеттерін сатып ала алады. Студенттердің өтініштеріне сәйкес Көлік министрлігі қосымша вагондар қосуға дайын.
Еске сала кетейік, биыл жаңа вагондар паркі 140 бірлікке жаңартылған. Келесі жылы тағы 226 жаңа вагон келеді. Вагондар паркін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр.