Ақпан айында ауа райы қандай болады?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2105

Қазгидромет синоптиктері 2025 жылдың ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Синоптиктер температураның күрт ауытқуын, аяз бен жылымық, сондай-ақ қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болатынын болжайды.

Айдың бірінші онкүндігінде Қазақстанға солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді, қар мен жаңбыр әкеледі. Тұман, көктайғақ және екпінді жел күтіледі. Температура ауытқиды.

Республика батысы мен оңтүстігінде күндіз температура 0…+10 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік өңірлерде түнде -2…-7, күндіз -4…+1 градус болады. Орталық және шығыс облыстарда түнде температура -12…-20 градусқа дейін төмендейді, бірақ күндіз 0…-8 градус болады.

Айдың бірінші онкүндігінің екінші жартысында Қазақстанға Салехард аудандарынан қуатты арктикалық суық келеді. Температура күрт төмендейді. Солтүстік өңірлерде түнде -28…-35, күндіз -20…-25 градус болады. Оңтүстік облыстарда түнде -13…-20, күндіз -5…-12 градус түседі. Оңтүстік облыстардың таулы аймақтары мен солтүстігінде түнде термометр бағаны -30 градусқа дейін төмендеп, күндіз -20 градус болады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, ақпанның екінші және үшінші онкүндіктерінде аязды күндер жылы күндермен ауысып отырады, қар жауады, тұман мен көктайғақ болады. Республика оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тауларда күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін.

Айдың соңында жаңа суық және жылыну толқындары күтіледі. Антициклонның енуі кезінде температура төмендейді екен. Солтүстік және орталық өңірлерде түнде -25…-35, күндіз -15…-25 градус болады. Оңтүстік және оңтүстік-батыс облыстарда түнде -12…-22, күндіз -3…-15 градус болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдан Алатау қаласына дейін метро желісін ұзарту әзірге жоспарланып отырған жоқ. Оның орнына бил...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада ит етінің қоғамдық тамақтану орындарында сатылып жатқаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес кел...