Бүгінгі текетірес. Странджа кубогының тікелей көрсетілімі

Жаңалықтар
1309

Бүгін, 22 ақпанда Странджа кубогі атты халықаралық турнирде ринг төріне төрт қазақстандық боксшы шығады.

Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасында бірінші айқас өтеді - Ертуған Зейнуллиновтің қарсыласы Мужибилло Турсунов болады. 

Сонымен қоса, бүгін Ерасыл Танкай (60 келі), Нұрқанат Райыс (75) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92) та рингке шығады. Ерасылдың қарсыласы филиппиндік Пол Джулайфер Баскон, Нұрқанат аустарлиялық Доминик Молинаромен қолғап түйістіреді, ал Қамшыбек Нидерланды елінің боксшысы Стэн Бертенспен бетпе-бет келеді.

Төрт боксшы да 17:00-де басталатын күндізгі сесияда жұдырықтасады.

Тікелей трансляцияны vesti.kz порталынан мына сілтеме арқылы көре аласыздар.

 

Жаңалықтар

Шохан Уәлиханов - ешкім емес. Бұл туралы Жазушы, сценарист Перизат Мырзахмет "Кейде ойланам" подкаст...

Жаңалықтар

Белгілі сазгер, ақын Бақтияр Құрманайқызы отандан кейінгі жағдайын айтып, желіде жазба жариялады,&nb...