Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков "Прайм Плазадағы" даулы оқ...
"Әкемнен қорқып, сіздерге айтпаған құпиям". Абай Бегейдің екінші қызына ұсыныс жасады
Фото: symbatabaikyzy парақшасынан
Танымал әнші Абай Бегейдің екінші қызы Сымбатқа тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Кеше Сымбат Абайқызы инстаграм парақшасында ұсыныс жасау сәтінен фото, видеолармен бөлісті. Ол бұл туралы 1 жылдан бері әкесінен қорқып оқырмандарына бұл туралы бөліспегенін айтты.
"Әкемнен қорқып сіздерден жасырған құпиям", - деп жазба қалдырып, болашақ жарының суретімен бөлісті.
Айта кетейік, Сымбат Ақтаулық танымал блогер келін dostaniya-ның қайын інісіне тұрмысқа шыққалы жатыр. Айтуларынша олардың қыз бен жігіт болып жүргендеріне 1 жыл болған.
Сондай-ақ, бұл жаңалықпен танымал журналист Анна Данченко өзінің инстаграм парақшасында бөлісіп, арнайы пост салды.
"Жаңа ғана Симбидің парақшасынан осы жаңалықты көріп қатты қуандым. Көз алдымда бой жетті", - деп қуанышын білдірген.
Анна Данченко өз жазбасында Абай Бегеймен қашаннан бастап таныс екенін және қызық оқиғаларын жазып, әншінің отбасына бақыт, қуаныш, амандық, тілейтінін айтып өтті.