Олимпиададан жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Жаңалықтар
244

Париж Олимпиадасында жүлде алған спортшылардан коронавирус инфекциясы табылған. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп айтып берді, деп хабарлайды madeniportal.kz kaz.inform.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

«Коронавирус инфекциясы 3 спортшы (үшеуі де жүлдегер - ред.) мен 2 бапкерден анықталды. Жалпы спортшыларды тексеру барысында олардың ПТР тесті оң нәтиже көрсетіп, COVID-19 вирусы анықталды. Үш спортшының үшеуі де Париж Олимпиадасынан жүлдеге қол жеткізген спортшылар. Қазір олар оқшауланып, ем-дом қабылдауда. Жағдайлары жақсы. Вирус жеңіл формада өтуде. Тезірек сауығып кетулеріне тілектеспіз. Құраманың қалған мүшелері дін аман», - деді Диас Ахметшәріп.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесеуі кейінге шегерілді.

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...