Ұлттық құраманың боксшыларын Куба мен АҚШ-тан келген бапкерлер жаттықтырады

Фото: alash.kz

Спорт
429

Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасының бас бапкері болып Қайрат Сәтжанов тағайындалған болатын. Енді оның штабына шетелдік мамандар шақырылады, деп хабарлайды madeniportal.kz alash.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Журналист Аян Төлегеннің жазуынша, ұлттық құраманың боксшыларын дайындауға Куба мен АҚШ-тан жаттықтырушылар келеді екен. Олар Қайрат Сәтжановқа көмектеседі.

«Шетелден сауатты кеңесшілерсіз Қазақстан боксына революция жасау мүмкін емес. Ал бұл жаңалық мені одан сайын қуантады. АҚШ пен Кубадан көмекші жаттықтырушылар келеді деп күтілуде. Бұл тәжірибе бүгінде өте кең таралған. Бұл жолды баяғыдан сол өзбек, үнді, қытай ұстанып жүр.

Сосын тағы бір айта кететін жайт, енді оқу-жаттығу жиындары елдегі базаларда емес, боксы дамыған өзге елдерде өтеді», - дейді Аян Төлеген өзінің Telegram-каналында.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...