Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстанда Ұлттық олимпиада комитетін басқаратын болды, деп хабар...
“Мырзағали кетсе, мен де кетем”: боксшы Бибосынов желіде тараған сөзге түсініктеме берді
sportplustv.kz
Әлеуметтік желіде боксшы Сәкен Бибосыновтың Мырзағали Айтжановтың ізімен ұлттық құрамадан кететіні жайлы расталмаған ақпарат тарап жүр. Бұл сөздің рас-өтірігін Qaz365.kz тілшісі боксшының өзінен сұрап көрді.
— Олай емес. Біреулер жаза береді. Адамдарға таңғалам. Алла сақтасын. Олай айтқан жоқпын. Оны менің атымнан біреулер шығарып жатыр. Адамдар қазір назарға түсу үшін не істемей жатыр!? - дейді ол.
Демек, бұл сөзді боксшы жоққа шығарады.
— Әрине, мен ешкімге олай деп сұхбат берген жоқпын. Бес-алты адам маған сондай ақпаратты жіберіп жатыр, - дейді Бибосынов.
Айта кетейік, 51 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов спорттық карьерасындағы екінші Олимпиадасынан жүлдесіз оралған. Парижде оның медальға барар жолын өзбек боксшысы Хасанбай Дусматов кесті.