Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Аида Бауыржановаға қашан үйленетінін айтты

Фото: Instagram/1tvkz

Спорт
829

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов пен оның қалыңдығы, қазақстандық гимнаст Аида Бауыржанованың үйлену тойы осы жылы қыркүйек айында болады, деп хабарлайды madeniportal.kz Offside.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Нариман Құрбанов Олимпиадада сәтті өнер көрсеткеннен кейін Аида Бауыржановамен бірге өмірінің жаңа тарауына қадам басуды жоспарлап отырғанын айтты.

"Қыркүйек - бір-бірімізге көбірек көңіл бөліп, өміріміздің жаңа тарауын бастайтын уақыт", - деді спортшы. 

Нариман Аидамен қарым-қатынасы 2018 жылы жаттығу кезінде танысқан кезде басталғанын айтты. Содан бері олар бір-бірінен ажырамай, спорт шыңдарын бірге бағындырып, берік қарым-қатынас та орнатқан.

"Аида екеуіміз 2018 жылы таныстық, содан бері ажыраған емеспіз. Сүйіктім Аида да гимнаст және спорт әлеміндегі шыңдарды бірге бағындырамыз", - деді гимнаст.

Жаңалықтар

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың шағымына қатысты алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды m...

Жаңалықтар

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы жаңа кітапханалар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды madenipo...