Ата Заң бойынша Қазақстанда қазақ тілі ғана мемлекеттік тіл. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомар...
6 айдан астам комада жатқан сарбазға мүгедектік тағайындалмай отыр
Stan.kz
512
Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтар әлі қалпына келмесе де, ауруханадан шығарылған, деп жазады Stan.kz.
Дәрігерлер Ербаян Мұхтардың жағдайы мүшкіл екенін және кәсіби медицина қызметкерлерінің күтімін қажет ететінін айтады.
Өйткені ол медициналық қызметкерлердің бақылауымен үнемі дәрі-дәрмек, антибиотиктер, дәрумендер алуы керек.
Сарбаздың туыстары жеке дәрігерлердің ақысын төлей алмай отыр.
Онымен қоса Ербаян Мұхтарға мүгедектік тағайындалмаған, себебі сот процесі аяқталған жоқ. Жақындары оның жағдайы ауыр екенін дәлелдей алмай отыр.