Журналист Азамат Әбілқайырдың Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов жайлы жинағы жарық көрді, деп ха...
Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шығады
Суреттер Туризм және спорт министрлігінен
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы мен Димаш Құдайберген еліміздің туристік нысандарында бейнеклип түсіруге кірісті, деп хабарлады madeniportal.kz ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба аясында Қазақстанның табиғи және мәдени қазыналарына арналған жаңа музыкалық композиция ұсынылады. Жобаға Туризм және спорт министрлігі қолдау көрсетеді.
Клиптің түсірілімі Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Ақмешіт үңгірі, Әзірет-Сұлтан мұражай-қорығы, сондай-ақ Бозжыра шатқалы, Торыш аңғары және т.б. сияқты танымал туристік орындарда өтті.
Сондай-ақ, клипте Бурабай, Катонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатау ұлттық парктерінің кадрлары көрсетіледі деп күтілуде.
"Бұл жоба Қазақстанның ерекше сұлулығына назар аударып қана қоймай, көрермендерге өнер объективі арқылы елімізді жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді. Осы бейнебаянның арқасында көптеген адамдар Қазақстанды бай мәдени мұрасы мен қайталанбас табиғаты бар орын ретінде таниды деп үміттенеміз", – деп атап өтті туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Жоба әртіс жанкүйерлерінің кең аудиториясы арасында Қазақстанның туризмін ілгерілетуге, сондай-ақ оларды елдің табиғи және мәдени мұрасымен таныстыруға арналған.
"Димаш - Қазақстан туризм елшісінің рөлі үшін тамаша тұлға. Көптеген адамдар Қазақстан туралы Димаштың арқасында біледі", - деп атап өтті Қытайдағы әртіс фанклубында.
Бұған дейін Димаш Құдайберген Түркістан және Маңғыстау облыстарында болып, өңірлердің әкімдерімен кездесті және қазақстандық туризмнің елшісі ретінде тарихи-мәдени көрікті жерлерге барды.