III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын Kazakh TV арнасы тікелей эфирде көрсетті

ЖАҢАЛЫҚТАР
2471

Қырғызстанда 2 қыркүйек күні III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуы өтті. 

Этнофестиваль Қыршын шатқалында ұйымдастырылды. Ол жерде сахна орнатылып, киіз үйлер тігілді. Ал жергілікті милиция күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. 

Қырғыз елінде өтетін көшпенділердің III дүниежүзілік ойындарына 200-ге жуық қазақстандық спортшы қатысты. Дүбірлі додаға қатысу үшін 53 елден өтініш келіп түскен. Спортшылардың басым бөлігі Ресей және Қазақстаннан келді. Жарыста барлығы 600 медаль сарапқа салынды. Жалпы жүлде қоры 260 миллион сомды, яғни 400 мың долларды құрады. 

Спорттық шараның ашылу салтанатын Kazakh TV арнасы тікелей эфирде көрсетті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Жол...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал актер Азамат Сатыбалды кезекті спектальден кейін төсек тартып қалғанын айтты, деп хабарлады...