Қазақстандық кәсіпқой боксшы әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына кірді

Фото: prosports.kz

Спорт
175

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBО тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына кірді, деп хабарлайды madeniportal.kz

WBC ұйымының жаңартылған рейтингінде 1-орында тұрған Мейірім Нұрсұлтанов WBО тұжырымының жаңартылған рейтингінде де үздік бестіктің қатарына қосылды. Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлының салмағында сынға түсетін отандасымыздың алдында ұлыбританиялық Хамза Шираз бен Дензел Бентлиді және америкалық кіші Шейн Мозли тұр. Мейірім Кореяда өткізген жекпе-жегінде Казуто Такесаконы техникалық нокаутпен ұтып, WBO International белбеуін жеңіп алған еді. 

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов өнер көрсететін орта салмақта екі бірдей чемпиондық белбеу (IBF, WBO) Жәнібек Әлімханұлына тиесілі. 

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...