1 шілдеден бастап дәріхана сөрелеріндегі дәрі-дәрмектер таңбалана бастайды. Бұл дегеніміз әр пре...
Варикозға шалдығуға бейім мамандық иелері
Фото: primamedica.kz
Даяшы, шаштараз, оқытушы, дәрігер болып жұмыс істейтіндерге тән артық статикалық жүктемелер варикозды тамырлардың ерте дамуына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы флеболог Елена Смирнова айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz "РИА Новостиге"сілтеме жасап.
Флебологтың сөзінше, соңғы жылдары аурулардың түрлері жасарып келеді. Бұл қатарға варикозды тамырларда кіреді. Жас қыздар мен жігіттерде тамыр ауруларының пайда болуына өмір салты секілді белгілі бір себептер ықпал етеді.
"Даяшылар, шаштараздар, оқытушылар, дәрігерлер сияқты бірқатар кәсіптерге тән артық статикалық жүктемелер, сондай-ақ қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіз болуы, яғни ұзақ уақыт бойы бір орында отырып жұмыс істеу варикозды тамырлардың ерте дамуына үлкен әсер етеді", - деді Елена Смирнова.
Дәрігер варикозды тамырлардың пайда болуына тікелей әсер ететін белгілі бір тағамдардың болмайтынына қарамастан, тамақтану да маңызды рөл атқаратынын еске салды. Өйткені, артық салмақ пен семіздік аурудың даму қаупінің факторлары қатарында бар, сонымен қатар олар аурудың асқыну ықтималдығын арттырады.