Алматы қаласында 17 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Өрт шарпыған жердің жалпы аумағы &nd...
Теміртауда металлургиялық комбинаттағы екі жұмысшының өліміне қатысты тергеу басталды
Көрнекі фото: Adam88xx/Getty Images
Теміртауда Qarmet металлургиялық комбинаттағыекі адамның өліміне қатысты тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды. Бұл туралы Қарағанды облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Теміртау қаласындағы Qarmet АҚ аумағындағы "Қазмеханомонтаж" ЖШС мердігер ұйымында болған жазатайым оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігі бойынша "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу" дерегіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облысының полиция департаменті өкілдері.
Айта кетейік, 25 тамызда, таңертең Теміртаудағы Qarmet металлургиялық зауытында екі жұмысшының қаза тапқаны белгілі болды. Олар бөлшектеу жұмыстары кезінде биіктен құлап кеткен. Сондай-ақ апатқа қатысты арнайы тексеру жүргізу үшін комиссия құрылған болатын.