Жаңқош Тұраровқа алданып қалдым деген Әнарудың әкесі боксшыға кешірім бермейтінін айтты

Фото: коллаж El.kz

Жаңалықтар
306

Танымал боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп айыптаған Әнару Қалдыбекқызының әкесі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz

Бұл туралы журналист Гүлбану Әниятқызы әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Спортшы Жанқош зорлады деп арызданған Әнару Құрманәлінің әкесімен сөйлестім. Қалдыбек Құрманәлі белгілі сазгер, Шәмші әндерін насихаттап жүретінін білесіздер. Қалдыбек ағаның 2016 жылы өмірден өткен Ақмаржан Таубаева есімді әйелінен Әнару қызы мен Әнасыл ұлы бар екен. Балаларыммен араласып, көмектесіп тұратынын айтты. Қалдыбек Құрманәлі жүрегіне ота жасатып, денсаулығына байланысты Түркістан облысына көшіп кеткен. “Қазір қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім” дейді. “Қызым жылап келгенде бұл сорақылықты қоғам білуі керек деп, журналистермен сұхбат ұйымдастырған да өзім” деп отыр, - деп жазды ол.

Қалдыбек Құрманәлі Жанқош жақтан кешірім сұрағанын, бірақ ешқандай кешірім бере алмайтынын айтқан.

«Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын» деп отыр. Әнару 28 жастағы үлкен қыз, тұлға. Жанқошпен кездескені, оған неге сенгені жайлы ештеңе айта алмаймын деді. Қоғамның буллингінен соң Әнару бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болыпты. Қазір депрессияда жүр дейді. Қалдыбек Құрманәлі бұл мәселеде аяғына дейін қызының қасында болатынын айтты, - дейді ол.

Айта кетейік, осыған дейін боксшы Әнарумен ешқандай қарым-қатынасы болмағанын айтып әлеуметтік желдіге парақшасына жазба қалдырғанын айтқан болатынбыз.  

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...