Бүгін футболдан Премьер-лига басталады

Фото: runasport

Спорт
128

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 19-туры басталады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл турдағы негізгі ойындар 31 тамызда сағат 20:00-де «Ақтөбе» мен «Елімай» (Семей), 1 қыркүйекте 18:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Астана» клубтары арасында болады.

Екі ойында да биыл үздіктер қатарында көрінуді мақсат еткен командалар кездеседі. Турнир кестесінде «Астана» әзірге оныншы орында тұрғанымен, олар өзге клубтармен салыстырғанда төрт ойынды кем өткізген. Сондықтан қалған турларда елордалық ұжым тек жеңіске жету жолын іздейтіні анық.

Сондай-ақ, аталған турда 31 тамызда 18:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Атырау», 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент) кездеседі

Ал 1 қыркүйекте 18:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тұран» (Түркістан), 20:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жеңіс» (Астана) жасыл алаңға шығады.

Еске салсақ, Конференция лигасының топтық кезеңінде «Астанаға» «Челси» қарсылас атанды.

Жаңалықтар

Анасы үй тапсырмасын орындамағаны үшін 11 жасар қызына пышақпен шабуылдап, жарақатпен ауруханаға түс...

Жаңалықтар

Бала кезден аламаннан топ жарып жүрген шабандоз биыл Көшпенділер ойындарында да жүлделі 2-орынға ие...