Футболдан Қазақстан құрамасы Аустриядан жеңіліп қалды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Спорт
159

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Аустрия құрамасынан жеңіліп қалды, деп хабарлады madeniportal.kz  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында бесінші ойнын өз алаңында Аустриямен өткізіп, тағы да ұтылды. Алматыдағы “Орталық стадионда" өткен матчта Қазақстан құрамасының қақпасына жауапсыз 2 гол соғылды.

Аустриялық спортшылар мәселенің барлығын бірінші таймда шешіп тастады. Осылайша ресейлік маман Станислав Черчесов Ұлттық құраманың тізгінін ұстағалы Қазақстан төртінші ойын қатарынан жеңіліске ұшырап, әлі бірде-бір ойында жеңіске жеткен жоқ.

Айта кетейік, енді біздің ұлттық құрама 17 қарашада Норвегияға қарсы ойнайды. Қазақстан қазір өз тобында жалғыз ұпаймен соңғы орынға қалды.

Қылмыс

Алматы облысының Қонаев қаласы сотының төрағасына үкім шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz. &la...

Жаңалықтар

Канадалық La Press газетінде Димаштың суреті берілген баннер жарық көрді, деп хабарлады madeniportal...