Елбасының тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» партиясының ұйытқы болуымен алғаш рет өткізілген...
Димаш стилистермен жұмыс істегенге дейін қандай еді?
2253
2017 жылы Қытайда өткен I am a Singer байқауы Димаш Құдайбергеннің өмірін түбегейлі өзгертті. Әнші дем арасында миллиондаған тыңдармандар армиясын бағындырды. Тек қазақ пен қытай халқын емес, әлемге танымал еуропалық, америкалық жұлдыздардың өзін мойындатты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Димаш Құдайберген
Ал Димашпен жеке таныс адамдар оның адамгершілік тұрғысынан өзгермегенін айтуда. Сол бұрынғыша қарапайым да кішіпейіл, ішкі мәдениеті жоғары, үлкенге құрмет пен кішіге ізетті жанына серік еткен қазақ баласы бүгінде Қытайда гастрөлдетіп жүр.Есесіне жанкүйерлер Димаштың сыртқы келбетінің қатты өзгергенін байқаған. Әсіресе қытайлық стилистермен жұмыс істей бастағаннан кейін әншінің стилі, образы, тіпті талғамы өзгергендей.
Күні кеше Димаш ескі образдағы суретін жариялап, тыңдармандардың біраз талқысына қалды.
Желі қолданушылары Димашқа қазіргі образының көбірек жарасатынын атап өткен.